Отбасына жауапкершілігі бар үй қызметкері қажет. Интеллигентті отбасына ұзақ мерзімге тұрақты көмекші іздейміз.
Жұмыс кестесі:
- Дүйсенбіден сенбіге дейін: 08:30-дан 16:30-ға дейін.
Міндеттері:
- Тамақ дайындау (дәмді тамақ жасай білу);
- Үтіктеу;
- 4 бөлмелі пәтерді тазалау (аптасына 1 рет);
- Шағын тапсырмалар (қоқыс шығару, азық-түлік немесе дәріханаға бару және т.б.).
Талаптар:
- Жас шамасы: 20-дан 55 жасқа дейін;
- Адалдық, ұқыптылық, жауапкершілік;
- Қазақ тілін білу құпталады;
- Қалалық тіркеу (Семей қ.), сотталмағандығы туралы анықтама, нарко және психологиялық диспансерден анықтамалар, жеке куәліктің болуы міндетті.
Шарттары:
- Еңбекақы айына 2 рет төленеді.
Өзіңіз туралы ақпаратты (түйіндеме, хабарлама немесе дауыстық хабарлама) мессенджерге жіберуіңізді сұраймыз. Қоңырау шалмаңыздар, жұмыс беруші бос емес, сізбен кешкі уақытта хабарласады.